Ғылыми дәрежесі туралы құжаттарды тану

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін ғылыми дәреже туралы құжаттарды тану бөлігінде көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Конституциясы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2600000000

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы» Заңы https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000088

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 202-I «Еуропа өңірінде жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000202_

Қазақстан Республикасының «Жоғары білім саласындағы біліктіліктерді тану туралы Азия-Тынық мұхиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» № 260-VIII Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2600000260

1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының « Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/H920000254_#z0

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000240#z3082

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының қызметі туралы 2017 жылғы 9 қарашадағы келісімі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000254#z6

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800#z4

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелер беру қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006951#z0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017565

«Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі» бөлімшесі

1

Мемлекеттік қызметтің атауы

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану»

2

Мемлекеттік қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса)

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқаларын беру

3

Көрсетілетін қызметті

берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету тәртібі

 

Барлық кіші түрлер үшін:

1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

2) "цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. (бұдан әрі - портал) арқылы.

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету мерзімі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы заңдастырылмаған және апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 35 (отыз бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 45 (қырық бес) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 24- тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 10 (он) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні

Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-35 (отыз бес) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 40 (қырық) жұмыс күні

Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде-60 (алпыс) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 65 (алпыс бес) жұмыс күні

Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген ғылыми дәрежелері туралы заңдастырылмаған немесе апостиль қойылмаған құжаттарды тану туралы өтінішті қарау мерзімі:

- портал арқылы жүгінген кезде - 77 (жетпіс жеті) жұмыс күні

- Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 82 (сексен екі) жұмыс күні

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктердің телнұсқасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі:

Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні.

Портал арқылы жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні.

Құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін көрсету нысаны

Барлық кіші түрлері бойынша: Электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде:

 

7

Мемлекеттік қызметті

және оның кіші түрлерін

көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2) порталға жүгінген кезде:

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес білім туралы құжатты электрондық нысанда тану туралы куәлік;

- Қағидаларға 4, 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес электрондық нысанда білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы;

- осы Тізбенің 11-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе осыған уәкілеттік берілген адамның мөрімен және қолымен куәландырылады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру шарты:

- көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды беру көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі Мемлекеттік корпорация арқылы жеке куәлігін көрсеткен кезде жүзеге асырылады;

- порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мерзімінде талап етілмеген құжаттарды сақтау шарты:

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік корпорация құжаттардың сақталуын бір ай бойы

қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара цифрландырылған) /қағаз түрінде.

8

Көрсетілетін қызметті

алушыдан мемлекеттік

қызметтер көрсету

кезінде өндіріп алынатын

төлем мөлшері және

Қазақстан

Республикасының

заңнамасында көзделген

жағдайларда оны жинау

тәсілдері

1. Қазақстан Республикасының резиденттері үшін төлем

мөлшері:

Р/с №

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы

айлық есептік

көрсеткіш

мөлшерінде (АЕК)

1

Шетелде диссертация

қорғаған адамдардың

құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

10 АЕК

2

Жоғары және жоғары оқу

орнынан кейінгі білім

туралы құжаттарды тану

туралы куәліктің телнұсқасын беру

3 АЕК

 

 

2. Жеңілдікті төлем келесі санаттар үшін қарастырылуы

мүмкін:

1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

2) мүгедектігі бар адамдар;

3) көп балалы отбасылар;

4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балалар;

5) аз қамтылған отбасылардан шыққан адамдар; Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік

осал топтарына жатқызылған өзге де санаттар:

 

 

Р/с №

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы

айлық есептік

көрсеткіш

мөлшерінде (АЕК)

 

 

1

Шетелде диссертация

қорғаған адамдардың

құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

8 АЕК

 

 

2

Жоғары және жоғары оқу

орнынан кейінгі білім

туралы құжаттарды тану

туралы куәліктің

телнұсқасын беру

2 АЕК

 

 

3. Бейрезиденттер үшін төлем мөлшері:

 

 

Р/с №

Қызмет атауы

1 бірліктің бағасы

айлық есептік

көрсеткіш

мөлшерінде (АЕК)

 

 

1

Шетелде диссертация

қорғаған адамдардың

құжаттарын тану (ғылыми дәреже беру туралы құжат)

15 АЕК

 

 

2

Жоғары және жоғары оқу

орнынан кейінгі білім

туралы құжаттарды тану

туралы куәліктің

телнұсқасын беру

8 АЕК

 

 

Мемлекеттік қызметті көрсету құнын "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 146-бабына сәйкес айқындалып Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қарастыруға қабылдаған жағдайда, төлем қайтарылмайды..

9

Көрсетілетін қызметті

берушінің, Мемлекеттік

корпорацияның және

ақпарат объектілерінің

жұмыс графигі

1) Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне

сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру

сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттік корпорацияда - дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Кодекске сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.

Қабылдау "электронды" кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жүзеге асырылады, портал арқылы кезекті броньдауға болады.

3) Порталда - құжаттарды қабылдау жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілісті есептемегенде тәулік бойы жүзеге асады (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес

жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін

беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

10

Мемлекеттік қызметті

және оның кіші түрлерін

көрсету үшін қызмет

алушыдан талап етілетін

құжаттар мен

мәліметтердің тізбесі

1. Білім туралы құжатты тану туралы куәлікті алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

3) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесі мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған

қосымшаның көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан

Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта

әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның көшірмесін, олардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус

куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.

4) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін - білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар).

5) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді);

6) егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін.

7) күндізгі оқу нысаны бойынша алынған медициналық, фармацевтикалық немесе педагогикалық мамандық бойынша білімі туралы құжаттың иегері халықаралық академиялық рейтингтердің алғашқы 1000 позициясына кіретін ЖЖОКБҰ берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, оқу кезеңінде

білім беру бағдарламасын іске асыру орны бойынша оқу процесіне қатысуын растайды.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. - портал арқылы жүгінген кезде:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

2) заңдастырылған немесе апостильденген білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі және мөрдің аудармасын қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі

нотариус куәландырған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

Құқықтық көмек туралы халықаралық шартқа (келісімге) қатысушы елде білім туралы құжат берілген кезде, егер бұл шарт (келісім) білім туралы құжаттарды заңдастырудан және (немесе) апостильдеуден босатуды көздесе немесе мұндай шарт (келісім) болмаған жағдайда, білім туралы құжаттың және оған

қосымшаның электрондық көшірмесі, сондай-ақ мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда, қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аударма (егер құжат толығымен шет тілінде болса) ұсынылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше

жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесін, олардың қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармаларымен бірге (егер құжат

толығымен шет тілінде болса) мөрді, мөртабанды аударуды қоса алғанда ұсынады.

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін - білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус

куәландырған аудармасы бар).

4) төлем туралы мәліметтер (сұрау салуға жауап болмаған кезде қайта жүгінген кезде талап етілмейді).

5) Егер білім туралы құжаттың иесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігінің жолдамасы бойынша оқудан өткен болса, бұйрықтың көшірмесі не тиісті ЖЖОКБҰ-ға жіберу туралы бұйрықтан үзінді көшірме қоса берілсін. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге

сұрау салуды қабылдау/бас тарту мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

2. Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану туралы куәлік алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

2-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21- тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатса, ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді Қағидаларға 1- қосымшаға мынадай құжаттарды қоса бере отырып:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже

беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса).

2-2. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21- тармағының

3) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы

Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған не заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже

беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде

болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немес орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/ немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің

көшірмелері (бар болған жағдайда) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) шетелдік азаматтың ЖЖОКБҰ шақыруын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі/қағаз түрінде;

5) жұмыс орны бойынша куәландырылған Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек қызметін растайтын электрондық көшірме/көшірме.

2-3. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21- тармағының

4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын болса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның электрондық көшірмесі/көшірмесі және дәреже

беру туралы дипломның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның электрондық көшірмесі/көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) электрондық көшірмесі/қағаз түрінде ғылыми және ғылыми- педагог кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберу еркін нысандағы құжатпен расталады.

2-4. Егер көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 21- тармағында көрсетілген адамдар санатына жатпаса, онда ғылыми дәреже құжатын тану туралы куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш жібереді:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) қорғау елінде диссертацияны қорғау фактісін растайтын дәреже беру туралы апостиль қойылған немесе заңдастырылған дипломның көшірмесі және дәреже беру туралы дипломның

қазақ немесе орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

3) дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның көшірмесі (транскрипт) немесе өткен оқу пәндері мен практикаларының көлемі туралы мәліметтер және / немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмесі (бар болса) және дәреже беру туралы құжатқа қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы (транскрипт) немесе өткен оқу пәндерінің көлемі туралы мәліметтер және практик және/немесе кандидаттық емтихандарды тапсыру туралы куәліктің көшірмелері (бар болса) қазақ немесе орыс тілдерінде (егер құжат толығымен шет тілінде болса);

4) диссертация электронды түрде (CD-диск). Шет тіліндегі диссертацияға авторефераттың немесе кеңейтілген аннотацияның (кемінде 40 (қырық) мың баспа белгісі) көшірмесі қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі.

Аннотацияда нәтижелер, зерттеудің мақсаттары, міндеттері, таңдалған тақырыптың өзектілігі, негізгі ғылыми ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі;

5) "Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ҰМҒТСО) анықтамасының көшірмесі (еркін нысанда) және диссертация

қорғалған елдің уәкілетті органының немесе ЖЖОКБҰ-ның диссертацияның плагиатқа тексерілгені туралы анықтамасы (еркін нысанда, бар болса).

6) ғылыми еңбектер тізімі.

3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

- Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) нотариус куәландырған сенімхат негізінде иеленушінің немесе уәкілетті өкілдің цифрлық құжаттар сервисі (жеке басын сәйкестендіру үшін) арқылы жеке басын куәландыратын және

(немесе) электрондық құжат нысанындағы құжат;

2) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша телнұсқа беру туралы өтініш;

3) Егер тану туралы куәліктің иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болса) өзгерткен болса, тегін, атын немесе әкесінің атын өзгерту жазбасы актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы актілік жазба (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған аудармасы бар);

4) тану туралы куәліктің түпнұсқасы (егер бар болса);

5) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін-білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (қазақ немес орыс тіліндегі нотариус куәландырған

аудармасы бар);

6) төлем туралы түбіртек (қайта жүгінген кезде талап етілмейді) ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "цифрлық үкімет" веб- порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

11

Қазақстан

Республикасының

заңдарында белгіленген

мемлекеттік қызметті

және оның кіші түрлерін

көрсетуден бас тарту

үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы;

4) білім туралы құжатты беру фактісін растау туралы сұрау салуға теріс жауап немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығының болмауы;

5) Қазақстан Республикасы Халықаралық құқық субъектісі ретінде танымайтын елдердің білімі туралы құжаттарды не шетелдік білім беру ұйымын беру елінің білім беру саласындағы уәкілетті органы мойындамаса;

6) Сараптама кеңесінің теріс қорытындысы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік

білім беру бағдарламасының білім беру деңгейлерінің және (немесе) даярлау бағыттарының (мамандықтардың, кәсіптердің)

ешқайсысына сәйкес келмеуі;

8) білім туралы құжатты беру фактісін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымында тиісті білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растау туралы сұрау салуға жауаптың болмауы.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады. Осы тармақтың 1), 2), 6) және 8) тармақшаларына сәйкес бас тартылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қайта жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін жаңа төлем жүргізбейді..

12

Мемлекеттік

қызметтерді, оның ішінде

электрондық нысанда

және Мемлекеттік

корпорация арқылы

ұсыну ерекшеліктерін

ескеретін өзге де

талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың цифрлық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан

өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

Заңнамада белгіленген тәртіпте өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүруді, бағдарлануды жүзеге асыру қабілеттерінен немесе мүмкіндігінен толық немесе жартылай айырылған көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш беру жолымен Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 57-20-83. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу тәртібінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар.

«БІЛУ МАҢЫЗДЫ» бөлімшесі

Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми түрде растау.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен төмендегі тұлғалар өтпейді:

1) «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері;

2) тану рәсімінен босататын төмендегі құжаттарға және (немесе) халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың иелері:

2-1) 1992 жылғы 15 мамырдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы» келісімі (бұл ретте ТМД-ға қатысушы елдер 1992 жылғы 15 мамырдан кейін берген білім туралы құжаттар белгіленген тәртіппен тану рәсімінен өтеді);

2-2) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекші көшіп-қонушыларға қолданылады);

2-3) 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;

3) халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасында қызмет ететін шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иелері.

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар шетелде алған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану екі кезеңде жүргізіледі:

1) ғылыми дәреже беру туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;

2) диссертация мен ғылыми жарияланымдарға сараптама жүргізу.

Сараптаманы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті жанындағы Сарапшылар кеңесі (бұдан әрі - Сарапшылар кеңесі) жүргізеді.

Бұл ретте диссертация мен ғылыми жарияланымдарға сараптама Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген Дәрежелер беру қағидаларының 18-тармағына сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі - Дәрежелер беру қағидалары). Тиісінше, жарияланымдарға қойылатын талаптар Дәрежелер беру қағидаларының 6-тармағында көрсетілген.

Сондай-ақ Дәрежелер беру қағидаларының 6-тармағында мынадай талап көрсетілген:

«Диссертациясын шетелде қорғаған адамдар үшін аттестаттау ісін тапсырғанға дейін диссертация тақырыбы немесе тиісті ғылыми бағыт бойынша жарияланған ғылыми еңбектер (оның ішінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдағы 1 (бір) мақала) есепке алынады. Басылымдар тізбесіне енгізілген журналдағы мақала ретінде шетелдік мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.

Қағидалардың 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы 2 (екі) мақалаға тең деп есептеледі».

Диссертациялар мен ғылыми жарияланымдарға сараптама жүргізу кезеңі төмендегі санаттағы тұлғаларға қолданылмайды:

1) диссертация қорғаған сәтте үш халықаралық академиялық рейтингтің бірінің алғашқы 250 (екі жүз елу) орнына кіретін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ЖЖОКБҰ) диссертация қорғаған адамдарға. Бұл рейтингтер: әлемнің үздік университеттерінің QS World University Rankings рейтингі (Quacquarelli Symonds), Әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities) және Times Higher Education World University Rankings рейтингі;

2) «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне оқуға ұсынылатын ұйымдар тізіміне енгізілген ЖЖОКБҰ-ларда, ғылыми орталықтар мен зертханаларда диссертация қорғаған адамдарға: https://bolashak.gov.kz/kz/zhoo?utm_source=chatgpt.com

3) еңбек көші-қоны шеңберінде ЖЖОКБҰ шақырған шетел азаматтарына;

4) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жіберген адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қамтитын диссертацияларды қорғаған адамдарға;

5) шетелдік өнер саласындағы ұйымдарда орындаушылық өнердің жоғары дәрежесі үшін екінші деңгейдегі магистр немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дипломдарын алған адамдарға;

6) хабилитацияланған доктор (Dr.Habil) дипломдарын алған адамдарға.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді.

Орталық шетелде алынған ғылыми дәреже беру туралы құжаттарды тану жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету шеңберінде мынадай функцияларды орындайды:

1) қызмет берушінің кеңсе қызметкері өтініш түскен күні оны тіркеп, жетекшілік ететін басшының орынбасарына жолдайды. Ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды;

2) қызмет берушінің жауапты қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде білім туралы берілген құжаттардың шетелдік дерекқоры арқылы білім туралы құжаттың берілгенін тексереді;

3) шетелдік дерекқорда құжат туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қызмет берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде ғылыми дәреже беру туралы құжаттың берілгенін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының, ғылыми орталықтың немесе зертхананың білім беру, ғылыми қызметті жүзеге асыру құқығы бар екенін растау мақсатында шетелдік білім беру ұйымына, ғылыми орталыққа немесе зертханаға, уәкілетті органға ресми сұрау жібереді.

Егер ғылыми дәреже беру туралы құжатты берген білім беру ұйымы, ғылыми орталық немесе зертхана қызмет берушінің ресми сұрауына 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде (электрондық пошта арқылы немесе ресми түрде) жауап бермесе, қызмет берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;

4) оң жауап алынған жағдайда, қызмет берушінің жауапты қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет алушының аттестаттау ісін сараптама жүргізу үшін Сарапшылар кеңесіне жолдайды;

5) Сарапшылар кеңесінде диссертацияны қарау мерзімі 48 (қырық сегіз) жұмыс күнінен аспайды. Бұл ретте сараптама Дәрежелер беру қағидаларының 18-тармағына сәйкес жүргізіледі;

6) Сарапшылар кеңесінің қорытындысы кеңес отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызмет берушіге жіберіледі;

7) Сарапшылар кеңесінің қорытындысы негізінде қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану жөнінде бұйрық шығарады немесе Негізгі талаптар тізбесінің 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді;

8) Сарапшылар кеңесінің оң шешімі негізінде қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану куәлігін рәсімдейді;

9) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

- портал арқылы жүгінген кезде ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану жөніндегі электрондық куәлік қызмет алушының немесе сенімхаттың электрондық көшірмесі негізінде әрекет ететін уәкілетті өкілінің «жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі;

- Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің жауапты қызметкері ілеспе хат дайындап, ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану куәлігін Мемлекеттік корпорацияға жібереді. Бұл ретте қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Ғылыми дәреже беру туралы құжатты тану куәлігі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет алушыға жеке өзіне немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі не қызмет беруші басшысының немесе уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Егер қызмет алушы Сарапшылар кеңесінің теріс шешімі негізінде қабылданған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келіспесе, ол қызмет берушіге еркін нысанда апелляциялық өтініш береді. Апелляциялық өтініш танудан бас тарту туралы жауап алынған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде беріледі.

Апелляциялық өтініш Дәрежелер беру қағидаларының 28 және 29-тармақтарында көрсетілген тәртіппен қаралады:

28. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін Комитет апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссия Комитеттің 2 (екі) өкілінен және тиісті мамандық бойынша ғылыми консультанттар, рецензенттер, диссертациялық немесе Сарапшылар кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын 3 (үш) ғалымнан тұрады.

Комиссия апелляцияны және аттестаттау ісінің материалдарын қарайды, сондай-ақ комиссия құрылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

Докторантты немесе ізденушіні отырысқа шақыру туралы мәселені комиссия дербес шешеді.

29. Апелляциялық комиссияның қорытындысын комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылдайды және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

Қосымша ақпарат алу үшін: Телефон: +7 7172 273734 Электрондық пошта: cbpiam@n-k.kz

 

28. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу мақсатында Комитет апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде Апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссия Комитеттің 2 (екі) өкілінен және тиісті мамандық бойынша ғылыми консультанттар, рецензенттер, диссертациялық кеңестің немесе Сарапшылар кеңесінің мүшелері болып табылмайтын 3 (үш) ғалымнан тұрады.

Комиссия апелляцияны және аттестаттау ісінің материалдарын қарайды әрі құрылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

Докторантты немесе ізденушіні комиссия отырысына шақыру туралы мәселені комиссия дербес шешеді.

29. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады және оған комиссияның барлық мүшесі қол қояды.