• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Орталық Азия елдері ректорларының форумы

2022 жылғы 12-13 мамырда Алматыда Орталық Азия елдері ректорларының форумы өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, вице-министр Қ.А. Ерғалиев, Өзбекстан Республикасы Жоғары және орта арнаулы білім министрінің бірінші орынбасары Қ.Х. Каримов, Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Расул Абазбек уулу, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты Орталық Азиядағы 40-қа жуық жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Форум екі бағыт бойынша тақырыптық сессиялардан тұрды:

1) жаһандық бәсекеге қабілеттілік, ЖОО қызметкерлері мен студенттерінің ұтқырлығы, мұнда Орталық Азия елдеріндегі университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша С.В. Христолюбов – QS аймақтық директоры, Орталық Азия университеттерінің ректорлары және т.б.

2) университеттердің цифрлық трансформациясы және Орталық Азия елдерінің ғылыми-зерттеу кеңістігінің интеграциясы. Бұл сессияда «Clarivate Analytics» компаниясының аймақтық өкілі В.Г.Богоров, «Elsevier» компаниясының аймақтық өкілі Д.Рахметов, Microsoft Қазақстан компаниясының бас директоры Сергей Лещенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты С.Нұрбек қызықты баяндамалар жасады. Қазақстан Республикасы, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Форум барлық елдердің Ұсынымдары мен Орталық Азия университеттері Альянсының жұмыс жоспарын қабылдауымен аяқталды. Сонымен қатар, әр ел альянс жұмысын жүргізетін өз өкілдерін анықтады.