• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жедел ақпарат

Құрметті үміткерлер!

Стипендия бағдарламасына құжаттарды тапсыру бетінің мекенжайы өзгертілді!

Құрметті талапкерлер,

2024 жылғы 4 сәуірден бастап Стипендиялық бағдарламасына құжаттарды тапсыру парағы жаңа мекенжайға көшкенін хабарлаймыз: https://studyin.kz

 

Бакалавриат / магистратура / PhD докторантура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі.

ЖОО бойынша білім беру бағдарламаларының тізімі.

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

 

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2024 жылдың 30 наурызынан 31 мамырына дейін онлайн тапсыра алады.

Кітапша.

Стипендиялық бағдарламаға қатысушы университеттердің тізімі осы жерде.

ЖОО бойынша білім беру бағдарламаларының тізімі.

Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиалды бағдарламаға қатысу үшін өтінім қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.

Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:

 

Бакалавриат:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) алдыңғы білім деңгейі туралы акалавриатқа түсушілер үшін – орта білім туралы құжаттың орташа балы - кем дегенде "жақсы" (босқын куәлігі бар тұлғалардан басқа). Олар болмаған жағдайда үміткер оқитын ұйымның анықтамасы, қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса ағымдағы кезеңдегі бағалары туралы мәліметтер ұсынылады);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаты;

5) медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

 

Магистратура:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

5) медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

8) шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 ұпай;

Қытай тілін меңгеру бойынша HSK – Hanyu Shuiping Kaushi (Эйч эс кей – Ханьюй Шуйпин Каоши), 4-деңгейден төмен емес.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тұрғылықты елінде үміткер таңдаған тілі білім берудің алдыңғы деңгейлерінде ресми немесе оқыту тілі болып табылатын, оқу орнын бітіру мерзімі 5 жылдан аспайтын тұлғалар үшін талап етілмейді.

 

PhD докторантура:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен магистр дипломы);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

5)медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

8) шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;

Қытай тілін меңгеру бойынша HSK – Hanyu Shuiping Kaushi (Эйч эс кей – Ханьюй Шуйпин Каоши), 4-деңгейден төмен емес.

Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат тұрғылықты елінде үміткер таңдаған тілі білім берудің алдыңғы деңгейлерінде ресми немесе оқыту тілі болып табылатын, оқу орнын бітіру мерзімі 5 жылдан аспайтын тұлғалар үшін талап етілмейді.

9) диссертациялық зерттеу тақырыбының (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) негіздемесі.

 

 

 

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және

пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31

E-mail: admission@n-k.kz