Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымдастырған іс-шараға қатысу туралы

27.05.2019

БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымдастырған іс-шараға (Нұр-Сұлтан қ., 23 мамыр 2019 ж. Коворкинг орталығы IHub) қатысты. Кездесуге қатысушылар жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелерін қарастырды. Орталық Қазақстан жоғары оқу орындарының Болон процесі параметрлерін жүзеге асыру жөніндегі ақпаратты ұсынды және Қазақстан студенттерінің Альянсына Еуропалық студенттер одағына кіру сұрақтарын жетілдіруге ұсыныс білдірді.