• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Негізгі құжаттар

Болон процесінің коммюникесі

1998 жылы Сорбон декларациясына төрт елдің министрлері, атап айтқанда Франция, Германия, Ұлыбритания және Италия министрлері қол қойды. Декларацияның мақсаты студенттер мен түлектер, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін ұтқырлықты көтермелеу қажет ететін Жоғары білімнің еуропалық кеңістігін стандарттау бойынша жалпы ережелерді жасау болып табылады. Сондай-ақ, ол еңбек нарығындағы заманауи талаптарға біліктіліктің сәйкестігін қамтамасыз етуге тиіс болды.

Болон процесі – бұл  бастауы 1999 жылы Болоньяда Болон декларациясына қол қою арқылы басталған Еуропадағы жоғары білімнің ең терең және ауқымды құрылымдық реформасы, ал реформаларды жүзеге асыру әр екі-үш жыл сайын өткізілетін жоғары білім үшін жауапты министрлер конференциясы коммюникесіне сәйкес жүргізіледі. Болон конференциясында Еуропалық Білім министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды және Болон декларациясында белгіленген дамудың негізгі бағыттары белгіленді.

Болон декларациясы – бұл Болоньяда Еуропаның 29 елінің білім министрлері қол қойған жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы декларация.

Болонской декларациясы:

  • дипломға қосымшалар берудің  айқын, анық және салыстырмалы дәрежелер жүйесін қолдану;
  • үш сатылы жоғары білім беру жүйесін енгізу;
  • кредиттер жүйесін ұтқырлықты арттыру құралы ретінде қабылдау;
  • студенттер мен оқытушылардың еркін жүріп-тұруы үшін ұтқырлықты ынталандыру;
  • салыстырмалы критерийлер мен әдіснамаларды әзірлеу мақсатында сапаны қамтамасыз ету саласындағы еуропалық ынтымақтастықты дамыту;
  • жоғары білім берудегі еуропалық өлшемді күшейтуді қарастырады.

Білім министрлерінің Прага конференциясында Болон декларациясында белгіленген Болон процесі дамуының алты негізгі желісімен қатар (салыстырмалы біліктіліктер және оларды тану, екі сатылы жүйеге көшу, ECTS енгізу , ұтқырлық, сапаны қамтамасыз ету, жоғары білім берудегі еуропалық өлшемді күшейту) ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қарастырылды:

  • өмір бойы білім алу;
  • Болон процесінің барлық кезеңдерінде студенттерді белсенді және тең құқықты серіктестер ретінде қарастыру;;
  • жоғары білімнің әлеуметтік аспектілерін есепке алу;
  • трансұлттық білім берудің түрлі бейіндері мен жаңа перспективалары дәрежелерінің бірлескен бағдарламаларын іске асыру;
  • сапаны қамтамасыз етудің барабар тетіктерінің үздіксіз жұмысын құру - аккредиттеу;

Берлин конференциясы Болон процесін дамытудың жаңа желісі ретінде Еуропалық зерттеу кеңістігін құруға және оның Еуропалық Жоғары білімнің кеңістігімен өзара әрекеттесуін бағытын күшейтуге шешім қабылдады. Бірінші және екінші циклдердің дәрежелері әртүрлі бағдарлар мен профильдерге ие болуы керек екендігі баса айтылды. Ұтқырлықты кеңейту және жоғары білім туралы құжаттарды тануды жеңілдету мақсатында 2005 жылдан бастап еуропалық жоғары оқу орындарының түлектеріне дипломға қосымша (Diploma Supplement) беру мақсаты қойылды. Берлин коммюникесімен:

  • Білім беру сапасын: жоғары оқу орындарының жауапкершілік дәрежесін айқындау, бағдарламаларды немесе оқу орындарын бағалау, сыртқы сараптама, студенттердің процедураларға және нәтижелерді жариялауға қатысуы, аккредиттеу жүйелерінің немесе ұқсас рәсімдердің болуы, Халықаралық әріптестік, ынтымақтастық және желілерге қатысу арқылы қамтамасыз ету;
  • Дәрежелер құрылымы: екі циклге негізделген жүйені қабылдау, кредиттік жүйені енгізу, дәрежелерді тану;
  • Студенттер: жоғары білімді басқарудың тең серіктестері болып табылушы студенттерді тұрақты түрде тарту қажеттілігін кеңейту;
  • Жоғары білімнің еуропалық өлшемінің дамуы;
  • Өмір бойы білім алу;
  • ЕЖБК тартымдылығын жақсарту;
  • Болон процесі параметрлерінің іске асырылу барысына мониторинг енгізу.

Берген конференциясында ЖБЕК-нің жан-жақты қамтитын біліктілік шеңбері қабылданды, ол үш циклді (оның ішінде аралық біліктіліктерге ұлттық мәнмәтіндерде рұқсат етілді), Оқыту нәтижелері мен құзыреттер негізінде әрбір цикл үшін әмбебап дескрипторлар, сондай-ақ бірінші және екінші цикл үшін сынақ бірліктерінің диапазонын қамтыды. 2010 жылға қарай тегіс қамти алатын ЕЖБК біліктіліктер құрылымымен сәйкестенетін ұлттық біліктілік құрылымдарын құру міндеттемесі қабылданды. Бергенде ұлттық сараптама негізінде сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Еуропалық тізілімі идеясы мақұлданды. Жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік өлшем проблемаларына назар аударылды: жоғары білімге қол жетімділікті кеңейту, студенттерді оқыту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету, оларға үкіметтер мен жоғары оқу орындары тарапынан көмек көрсету.

Бергенй конференциясымен  қарастырылды:

  • Академиялық дәрежелердің үш циклдік құрылымын енгізу – бакалавриат-магистратура-PhD;
  • ЖОО-лардың ішкі тетіктерін жүйелі түрде енгізу арқылы сапаны қамтамасыз ету;
  • ЖБЕК-нің сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен басшылық қағидаттарын қабылдау;
  • Ұлттық сараптама негізінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі агенттіктердің еуропалық тізілім идеясын мақұлдау;
  • Оқу кезеңдері мен дәрежелерді тану, бірлескен дәрежелерді тану;
  • Оқыту нәтижелері негізінде докторлық деңгейдегі біліктіліктерді тегіс қамтитын ЕЖБК біліктіліктер шеңберімен үйлестіру;
  • Студенттердің ұтқырлығына ықпал ету.

Лондон конференциясында ЖБЕК құру жолындағы ілгерілеушілік атап өтілді. Маңызды жетістіктердің бірі –оқытушыдан бағытталған оқудан студентке бағытталған жоғары білімге көшу. Болон процесін дамытудың негізгі бағыттары бойынша қорытындылар шығарылып, 2009 жылға арналған басымдықтар белгіленді: ұтқырлық, әлеуметтік өлшем, жұмысқа орналастыру, ЖБЕК стратегиясын жаһандық мәнмәтінде іске асыру. Левен / Лувен-ла-Невада министрлер кеңесі қарсаңында Еуропалық университеттер қауымдастығы Болон процесінің дамуына қатысты өзінің саяси ұстанымын білдірді және 2010 жылдан кейінгі кезеңге арналған мынадай негізгі мақсаттарды белгіледі:

  • Жоғары білімге негізделген зерттеулердің еуропалық кең базасын шоғырландыру;
  • Еуропалық жоғары білімнің белгісі ретінде жоғары білім мен ғылыми зерттеулер арасындағы байланыс;
  • Адамдардың көпшілігін біліммен қамтамасыз ету;
  • Университеттердің қоғам алдындағы жауапкершілігінің жаңа түсінігі;
  • Жаһандық сын-қатерлермен күресуге дайын болу.

Қорытындылай келе, жоғары білім беруге жауапты министрлер Левен / Лувен-ла-Нева конференциясында: "Соңғы он жыл ішінде біз Еуропаның зияткерлік, ғылыми және мәдени мұралары мен ұмтылыстарына берік енуін қамтамасыз ете отырып, жоғары білімнің Еуропалық кеңістігін құрдық", – деді. 2020 жылға дейін еуропалық жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттары:

  • жоғары білім алуда тең құқыққа қол жеткізу;
  • өмір бойы білім алу;
  • түлектерді жұмысқа орналастыру;
  • студентке бағытталған оқыту;
  • жоғары білімнің ғылыми зерттеулермен және инновациялармен байланысы;
  • еуропалық жоғары білімнің халықаралық ашықтығы;
  • студенттер мен ғалымдардың ұтқырлығын кеңейту;
  • ақпарат жинау және оның ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыландыруды жақсарту және жаңа көздерді іздеу;
  • Болон процесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру ретінде қарастырады.

Конференцияда үкіметтер мен академиялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастыққа негізделген Болон процесінің қазіргі ұйымдық құрылымы алға қойылған мақсаттарға жауап береді деп танылды. Болашақта Болон процесін Еуроодаққа төрағалық ететін ел және Еуроодаққа кірмейтін кірмейтін ел бірлесіп басқаратыны туралы шешім қабылданды.

Бұл декларация Болон процесінің он жылдығына арналған мерейтойлық конференцияда қабылданды. Осыған орай, жоғары білім берудің жалпы еуропалық шеңберіне қатысты Болон декларациясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді білдіретін Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі ресми іске қосылды. Алайда, жоғары білімнің еуропалық кеңістігінің жұмыс істеуінің өзі Болон процесіне қатысушы министрлер белгілеген барлық мақсаттарға қол жеткізгендігін білдірмейді. Осылайша, біз Болон процесі мен жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі біртұтас кеңістікке бірігу және шоғырлану - жаңа кезеңіне өтті деп айта аламыз, бұл Болон процесін Еуропада енгізуге қатысты түрлі реакциялар аясында аса маңызды. 2010 жылы Будапешт-Вена конференциясында Қазақстан Болон декларациясына қосылып, Болон процесіне 47 мүше ел болды.

9. Тараз декларациясы – 2011 жыл

10. Бухарест коммюникесі – 2012 жылы

Бухарест конференциясында білім министрлері экономикалық дағдарыс жағдайында үш негізгі мақсатқа назар аударуды шешті:

  • білім алушылардың еңбек дағдыларына жақсы дайындығын қамтамасыз ету үшін студенттердің көп бөлігіне  жоғары білімнің сапасымен қамтамасыз ету;
  • студенттердің ұтқырлығын арттыру. Ұтқырлықты арттырудың жаңа еуропалық стратегиясын 47 ел белгілі бір мақсатпен қабылдады, бұл 2020 жылы Еуропадағы түлектердің кемінде 20 пайызы шетелде білім алуы немесе тағылымдамадан өтуі тиіс.

Сондай-ақ конференция шеңберінде "Болон процесі шегінен тыс: жоғары білім берудің ұлттық, өңірлік және жаһандық салаларын құру және біріктіру"тақырыбында үшінші Болон саяси форумы өтті.

2015 жылғы 14-15 мамырда Ереван қаласында (Армения) ЕЖБК  Білім министрлерінің конференциясы және төртінші Болон саяси форумы өтті. ЕЖБК-ға қатысушы елдердің білім министрлері Беларусь Республикасын Болон процесіне 48 ел ретінде қабылдау туралы келісті. Сондай-ақ, Болон процесі Хатшылығын Франция басқаратыны, онда 2018 жылы ЕЖБК министрлерінің келесі конференциясы өтетіні  жарияланды. Кездесу Ереван коммюникесінің және Болон саяси форумының мәлімдемесінің қабылдануымен аяқталды. Елдер білім беру мен оқытудың сапасы мен өзара байланысын арттыру, түлектердің бүкіл еңбек өмірі бойында жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, білім берудің неғұрлым инклюзивті жүйесін қалыптастыру, келісілген құрылымдық реформаларды орындау қажеттігі туралы келісті.

Болон саяси форумының мәлімдемесі шеңберінде қатысушылар ұлттық біліктілік шеңберлерін дамыту, сапаны қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, біліктіліктерді өзара тануды арттыру, ECTS пайдаланушыларының қайта қаралған нұсқаулығын ескере отырып, кредиттік-трансферттік жүйені әзірлеудегі және іске асырудағы ынтымақтастық туралы келісті.

4-ші Болон саяси форумының мәлімдемесі

2018 жылғы 24-25 мамырда Париж қаласында (Франция) ЕЖБК Білім министрлерінің конференциясы және бесінші Болон саяси форумы өтті. Кездесу Париж коммюникесінің және Болон саяси форумының мәлімдемесінің қабылдануымен аяқталды. Сондай-ақ, Болон процесі Хатшылығын Италия басқарады, онда 2020 жылы ЕЖБК министрлерінің келесі мерейтойлық конференциясы өтеді.

Париж конференциясында білім министрлері ЕЖБК ішіндегі ынтымақтастық пен сапаны нығайту және қолдау үшін аса маңызды үш негізгі міндеттемеге назар аударуды ұйғарды:

  • ECTS-пен салыстырылатын, ЕЖБК-нің жан-жақты қамтылған біліктілік шеңберімен және бірінші және екінші циклдар дәрежесімен үйлесімді үш деңгейлі жүйе;
  • Лиссабондық тану туралы конвенциясын сақтау,
  • ЕЖБК-де сапаны қамтамасыз етудің басты қағидаттары мен стандарттарына сәйкес сапаны қамтамасыз ету.

Париж конференциясы жоғары білімнің жарқын болашағы үшін елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндігін берді.

V-ші Болон саяси форумының мәлімдемесі

2020 жылғы 19 қарашада Еуропалық жоғары білім кеңістігі (ЕЖБК) мүшелерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті. Ұйымдастырушы-Италияның жоғары мектеп және ғылыми зерттеулер министрлігі. Конференцияға 3000-нан астам қатысушы қатысты, 47 елдің білім министрлері сөз сөйледі.

Конференция жұмысына 48 жоғары білім министрлері, Еуропа Кеңесі, Еурокомиссия, ЮНЕСКО, EURASHE (еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы), ESU (Еуропалық студенттер одағы), EUA (Еуропалық университеттер қауымдастығы), EQAR (еуропалық жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттіктерінің тізілімі) және басқалар қатысты.

Қазақстанды Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов бастаған делегация таныстырды.

Осы конференцияға дайындалған коммюникеде 2030 жылға дейін жоғары білім беру жүйесін одан әрі дамытуды үш жаңа бағытқа шоғырландыру ұсынылады:

- Инклюзивті. Әрбір білім алушы жоғары білімге тең қолжетімділікке ие болады және өзінің оқуы мен даярлығын аяқтау барысында жан-жақты қолдау алатын болады.

- Инновациялық. Зерттеулермен тығыз байланысты оқытудың, білім беру мен бағалаудың жаңа және неғұрлым келісілген әдістері мен практикаларын енгізу.

- Взаимосвязанное. Ортақ шеңберлер мен құралдар халықаралық ынтымақтастық пен реформаларды, білім алмасуды және қызметкерлер мен студенттердің ұтқырлығын одан әрі жеңілдетеді және кеңейтеді.

Файлдарды қарау (жүктеу):

1. BFUG_Рим министрлер конференциясының I қосымшасы. Академиялық еркіндік туралы мәлімдеме.

2. BFUG_Рим министрлер конференциясына II қосымша. Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ЕЖББК) жоғары білімнің әлеуметтік өлшемін күшейту принциптері мен ұсыныстары.

3. BFUG_Рим министрлерінің конференциясының III қосымшасы. ЕЖББК-да жоғары білім беру жүйесінде білім беру мен оқытуды жақсарту бойынша ұлттық/мемлекеттік деңгейдегі қолдау/іс-қимыл жөніндегі ұсынымдар.

4. BFUG_Білім министрлерінің Рим Коммюникесінің соңғы жобасы.