UNESCO
Токио және жаһандық конвенциялар туралы анықтама
«ЮНЕСКО – ның жоғары білім беру саласындағы техникалық көмекке деген қажеттілігін бағалау-Қазақстан» жобасы шеңберінде Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы (ЖББДҰО) Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің жоғары білім беру біліктілігін тану туралы Конвенцияны (Токио конвенциясы) және жаһандық конвенцияларды ратификациялау мүмкіндігін зерделеді.
Сілтеме
Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің білім беру кеңістігіне интеграциялануда
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «ЮНЕСКО-ның жоғары білім беру саласындағы техникалық қолдау қажеттілігін бағалау-Қазақстан» жобасын іске асыруға кірісті. ҚР ҒЖБМ Ұлттық Жоғары білім беруді дамыту орталығы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросымен бірлесіп, Корея Республикасының нысаналы қорының (KFIT) қолдауымен іске асыратын бұл жоба Қазақстанның жоғары білімін одан әрі дамытуды және оны әлемдік білім беру қоғамдастығына біріктіруді көздейді.
Сілтеме
Қазақстан Бангкоктағы UNESCO-ның негізгі сессияларында біліктіліктерді тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан Бангкоктағы UNESCO-ның негізгі сессияларында біліктіліктерді тану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығының делегациясы UNESCO ұйымдастырған бірқатар халықаралық іс-шараларға қатысты. Олардың қатарында Бангкок конвенциясы комитетінің 19-сессиясы, Токио конвенциясы комитетінің 6-сессиясы және APNNIC-тің 5-Пленарлық отырысы бар.
Қазақстанның біліктіліктерді танудың өңірлік тетіктеріне қатысуы елдің халықаралық білім беру кеңістігіндегі белсенді әрі сенімді серіктес ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.

