• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Күтілетін нәтижелер

Бағдарлама бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде:

- жоғары білім сапасына тікелей және жанама әсер ететін ғылыми негізделген және кластерленген факторлар анықталды

- жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің отандық және шетелдік жүйелерін талдау негізінде жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің әдістемелік негіздері әзірленді

- жоғары білім беру жүйесінің қазіргі сапа деңгейін анықтауда когорттық зерттеу әдістемесі әзірленіп, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдістемесіне енгізілді

- жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің жаңғыртылған ұлттық моделі теориялық негізделген, әзірленген және эксперименталды түрде тексерілген және еліміздің және институционалдық деңгейде енгізілген;

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының Реестрі жаңартылды;

- құзіреттілік-бағдарланған тәсіл және оқыту нәтижелеріне бағытталу негізінде жоғары білім беру жүйесінде қолданбалы бакалавриатты жүзеге асырудың әдістемелік тұжырымдамасы әзірленді;

- Еуропалық жоғары білім кеңістігінің тәсілдеріне негізделген қолданбалы бакалавриатты дамыту моделі әзірленді және сынақтан өтті;

- қолданбалы бакалавриатты қысқа цикл ретінде жоғары білім беру жүйесіне енгізу технологиясы әзірленді және сынақтан өтті;

- жоғары білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, оның ішінде оқу процесін ұйымдастыру, қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді және енгізілді;

Жобаны іске асыру нәтижелері бойынша Web of Science дерекқорының алғашқы үш квартиліне (Q1, Q2, Q3) енгізілген және (немесе) Scopus дерекқорында CiteScore пайыздық көрсеткіші кемінде 50 (елу) болатын рецензияланған ғылыми жарияланымдардағы кемінде 4 (төрт) мақала ); уәкілетті орган ұсынған журналдарда кемінде 4 (төрт) жарияланым; монография дайындалынады және басылымға шығарылатын болады.