• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жедел ақпарат

Топ-менеджерлерді тарту туралы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының басқарушылық қызметіне шетелдік топ-менеджерлерді тарту бойынша жыл сайынғы бағдарлама іске асырылады. Егер Сіз басшы ретіндегі өзіңіздің тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе және  Қазақстанның жоғары білімінің дамуына үлес қосқыңыз келсе өтінімді толтыруыңызды сұраймыз.

Үміткерлерге арналған критерийлер:

  • MSc немесе MBA немесе MA дәрежесінің болуы (ғылым жөніндегі проректор лауазымына PhD дәрежесі қажет)
  • Топ-менеджер ретінде әлемдік ЖОО-да немесе білім беру ұйымдарындағы 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы (факультет басшысы немесе департамент директорынан төмен емес)
  • Стратегиялық жоспарлау, ЖОО-ны институционалдық дамыту, аккредиттеу рәсімінен өту, білім беруді интернациоландыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары бойынша тәжірибесінің болуы
  • ҚР ЖОО-да жұмыс істеу кезеңі кемінде 10 ай