Жоба туралы толығырақ
«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында «Мамандығым-болашағым» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы өңірлік еңбек нарықтарының өзекті сұраныстарын ескере отырып, кадрларды даярлау жүйесін қайта құру.
Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылуда:
- 9 өңірде кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары (Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің Атластары) әзірленді (Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Жамбыл, Ақтөбе, Жетісу, Ақмола облыстары, Астана және Алматы қалалары).
- EduNavigator.kz платформа негізінде білім алушыларға кәсіби диагностика жүргізілуде;
- еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламалары жаңартылды. Барлығы 91 ЖЖОКБҰ 902 жаңа білім беру бағдарламасын енгізді;
- 17 өңірлік жобалық кеңсенің командалары оқытылды (Skills Technology Foresight әдістемесіне сәйкес кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталарын әзірлеуге әдіснамалық дайындық).