«Мамандығым-болашағым» бағдарламасы
«Халықтың табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары аясында «Мамандығым-болашағым» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы аймақтық еңбек нарықтарының өзекті сұраныстарын ескере отырып, кадрларды даярлау жүйесін қайта құру.
Жоба аясында ке лесі жұмыстар атқарылған:
- 5 өңірде кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары (Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атластары) әзірленді (Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды облыстары, Астана және Алматы қалалары).
- EduNavigator.kz платформасы негізінде оқушылардың кәсіби диагностикасы өткізілді (Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды обл., Алматы қ.);
- еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламалары жаңартылды. Барлығы 50 МЗЖБ 440 жаңа білім беру бағдарламасын енгізді (261 мамандық).;
- 15 Өңірлік жобалық кеңсенің командалары оқытылды (Skills Technology Foresight әдістемесіне сәйкес кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталарын әзірлеуге әдіснамалық дайындық);
- 2500 мектептің кәсіби бағдаршысы оқытылды (Өрлеу БАҰО).
Сонымен қатар «Мамандығым – болашағым» бағдарламасының офисі келесі жұмыстарды атқарады:
- «Мамандығым – болашағым» бағдарламасын іске асыру;
- Өңірлерді озық кадрлармен қамтамасыз ету үшін жағдайлар қалыптастыру;
- Басшылықпен іріктелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (әрі қарай ЖЖОКБҰ) қызметкерлерін Skills Technology Foresight әдістемесі бойынша форсайт-мектептерді өткізу шеңберінде оқыту;
- ЖЖОКБҰ-ның жобалық кеңселері қызметін ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу, жедел және өзара тиімді үйлестіру;
- ЖЖОКБҰ-ға салалық сарапшылармен Форсайт-сессияларды өткізуде жәрдемдесу;
ЖЖОКБҰ жобалық кеңселерінің жаңа кәсіптердің дайын өңірлік атластарын ұсынуын қамтамассыз ету.
Жаңа кәсіптердің атластары
Салалық атластар:
Қарағанды облысының жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласы: