• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Шетелдік ғылыми дәрежелі дипломдарды, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін тану жеңілдетілді!

Шетелдік білім беру құжаттарын тану саласында ғылыми дәрежелердің дипломдарын тану жаңа функциясы пайда болды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығымен жаңа Білім туралы құжаттарды тану қағидалары бекітілді, оларға сәйкес рәсім ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына берілді.

Егер бұрын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін берумен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті айналысса және өздерінің жеке өтініштері немесе үміткер жұмыс істейтін ұйымның қолдаухаты  бойынша олар көрсеткен дәрежелердің баламалылығын тану арқылы жүзеге асырылса, енді құжаттарды ХҚКО арқылы тапсыруға болады. Қарау мерзімі қысқартылды, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі жеңілдетілді.

Ғылыми дәрежелер дипломдарын үйден шықпай-ақ тану үшін қызметті толық автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.