• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Ғылым және жоғары білім форумы

2022 жылдың 24-25 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Astana IT University және Nazarbayev University қабырғасында "Адами капитал - жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы" атты ғылым мен жоғары білім форумы өтеді.

Форум жұмысына Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары және өкілдері, топ-менеджерлер, жұмыс берушілер, Қазақстан студенттерінің өкілдері, жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады.

Форум шеңберінде қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалады, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылады.

Форумның тақырыптары:

  • Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Педагогикалық білім берудің 30 білім беру бағдарламасы: әзірлеу процесі және ұсыныстар;
  • Ғылымиметрикалық мәліметтерге негізделген стратегиялық шешімдер қабылдау және олардың THE және QS-ке әсері;
  • Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері;
  • Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жаңа ғылыми-зерттеу университетін құру. PhD Докторантура: Nazarbayev University тәжірибесі;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Қазақстан жастар көзімен;
  • Адами капитал-ел экономикасын дамытудың негізгі ресурсы.

Тіркелу үшін сілтеме бойынша өту, немесе QR кодын сканерлеу қажет. Форум жұмысына қатысуға шақырамыз.