КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ
«Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы
2021 жылғы 17-18 маусымда Қазақстанның тарихи және мәдени орталығы - Түркістан қаласында 2021 «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: өңірлік ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Түрікменстанның Білім министрі О.А. Гурбанов, Өзбекстан Республикасының жоғары және арнайы орта білім министрі А.Х. Тошкулов, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Н.К. Омуров, сондай-ақ Еуропа ұйымдарының – Еуропалық одақтың, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның, Болон процесінің бақылау тобының, Эразмус+ өкілдері қатысты.
Қатысушылар аймақтағы жоғары білім беру жүйесін дамытуды талқылады, сондай-ақ өңірдің зияткерлік және ғылыми әлеуетін біріктіру мақсатында білім беру жүйелерін жақындастыру және үндестіру мәселесін талқылады.
Конференция Орталық Азияның барлық елдерінің Түркістан декларациясын қабылдауымен аяқталды. Декларацияда білім министрлері Орталық Азия жоғары білім кеңістігін құру (ОАЖБК) туралы жариялады. Орталық Азия жоғары білім кеңістігі хатшылығының Штаб-пәтері алдағы 3 жылда Түркістан қаласында орналасатын болады.
ОАЖБК өзекті мәселелерді шешу және бүкіл әлемде жоғары білім мен ғылымды дамытудың жаһандық процесіне жәрдемдесу үшін Орталық Азия өңірінің жоғары оқу орындарының ғылыми, зияткерлік, шығармашылық әлеуетін біріктіруге ықпал ететін болады.
Орталық Азия елдерінің білім министрлері ұлтына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан инклюзивтілік, инновация және өзара байланыстылықтың демократиялық қағидаттары негізінде жоғары білімнің бірыңғай кеңістігін құруға өздерінің бейілділіктерін растады.
Орталық Азия жоғары білім кеңістігі арқасында жоғары білім беру жүйелерінің конвергенциясы мен синхронизациясы азаматтардың еңбек және білім беру көші-қонының өсуі жағдайында біліктілікті тану процестерін жеңілдетеді.