• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Пресс - релиз

2023 жылғы 2 мамырда

Бүгін, 2023 жылғы 2 мамырда, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директоры А.А. Мухатаев пен Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Д.Р. Аргандыков, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ арасында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде кәсіби стандарттарды пайдалануда және Ұлттық біліктілік жүйесін іске асыруда тараптардың тиімді өзара іс-қимылына бағытталған.

Екі орталықтың бірлескен қызметі Ұлттық біліктілік жүйесі мен білікті кадрларды даярлау жүйесін әдіснамалық қолдауды қалыптастыру үшін негіз болады.