«Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің Конференциясының нәтижелері
Түркістан қаласында 17-18 мауысым кундері 2021 ж. «Орталық Азия жоғары білім кеңістігі: аймақтық ынтымақтастық, ұлттық реформалар» атты Орталық Азия елдерінің Білім министрлерінің конференциясы өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Түрікменстанның Білім министрі О.А. Гурбанов, Өзбекстан Республикасының жоғары және арнайы орта білім министрі А.Х. Тошкулов, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрінің орынбасары Н.К. Омуров, сондай-ақ Еуропа ұйымдарының – Еуропалық одақтың, Еуропа Кеңесінің, Еуропалық Комиссияның, Болон процесінің бақылау тобының, Эразмус+ өкілдері қатысты.
Қатысушылар аймақтағы жоғары білім беру жүйесін дамытуды талқылады, сондай-ақ өңірдің зияткерлік және ғылыми әлеуетін біріктіру мақсатында білім беру жүйелерін жақындастыру және үндестіру мәселесін талқылады.
Конференция Түркістан декларациясын қабылдауымен аяқталды. Декларацияда білім министрлері Орталық Азия жоғары білім кеңістігін құру (ОАЖБК) туралы жариялады. Алда декларация ережелерін ынтымақтастықтың нақты жобаларымен толықтыру бойынша үлкен жұмыс тұр.