Білім беру бағдарламаларының инклюзивті білім беруге бағытталуы
Білім беру бағдарламаларын талдау (бұдан әрі – ББ) «6В01 Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласын даярлаудың 4 бағыты бойынша жүргізілді»:
В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау,
В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау,
В016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау,
B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау.
Даярлаудың төрт бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жалпы саны 821 ББ құрайды және 71 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытылады.
745 ББ (91%) инклюзивті білім беру бойынша курстар енгізілген.
Айта кету керек, 30 ЖЖОКБҰ-да олар енгізген барлық ББ (436 ББ) инклюзивті білім беру курстары қарастырылған (сурет 1).
Қалған ЖЖОКБҰ-да ішінара, кейбір ББ-да аталған курстар жоқ. Осылайша, ЖЖОКБҰ-ға инклюзивті білім беру бойынша пәндерді енгізу мақсатында педагогикалық бағыттағы ББ-ны қайта қарау ұсынылады.