• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшыларына іріктеу жүргізілуде

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі" ақпараттық жүйесінің операторы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы білім беру бағдарламаларының сапасы мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тұрақты негізде Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшыларын іріктеуді жүргізеді.

Сарапшыларды іріктеу критерийлері келесідей:

  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі / кәсіптік саладағы жұмыс өтілі – кемінде 3 (үш) жыл;
  • ғылыми / академиялық дәрежесінің болуы (құпталады);
  • жұмыс берушінің ұсынысы (құпталады);
  • жауапкершілік, кәсібилік және құзыреттілік.

Түйіндемені (еркін нысанда) және сарапшыға арналған Excel (1 - қосымша) нысандарын reestr@n-k.kz электронды поштаға жіберуді сұраймыз.

 

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын сараптау жөніндегі Сараптамалық топқа қосылу үшін өтініш формасы

сілтеме