ТМД оқу орындары әріптестігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-әдістемелік симпозиум.
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің оқу орындарының білім, ғылым және жастар саясаты саласындағы серіктестігіне 30 жыл» 2021 жылдың 09-10 қарашасында Ресей Халықтар достығы университетінің базасында ТМД мемлекеттерінің білім апталығы шеңберінде елдердің оқу орындарының серіктестігі туралы ғылыми-әдістемелік симпозиум өтті.
Симпозиумның мақсаты – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени-гуманитарлық кеңістігін дамыту үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру мекемелерінің әріптестігінің тиімділігін арттыру.
Симпозиумда Қазақстан Республикасы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының орынбасары Іргебаев Ержан Тұрсынханұлы «ЕАЭО білімі мен біліктілігін тану қағидаттарын іске асыру, еңбек көші-қоны мақсатында біліктілікті автоматты түрде танудың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
Пікірталас алаңына қатысушылар, ТМД елдерін тану жөніндегі Ұлттық ақпараттық орталықтардың, РФ мемлекеттік органдарының және интеграциялық бірлестіктердің (ТМД, ЕЭК) өкілдері, ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарының өкілдері, ТМД елдеріндегі ғылым және мәдениет орталықтарының жетекшілері, тану саласындағы тәуелсіз сарапшылар ТМД білім беру кеңістігінде білім мен біліктілікті автоматты түрде танудың қолданыстағы жүйесінің маңызды рөлін атап өтті.
Өзекті және туындаған мәселелерді талқылағаннан кейін пікірталасқа қатысушылар білім беруді тану саласындағы ұлттық уәкілетті органдарға, сондай-ақ ТМД атқару комитетіне келесі ұсыныстарды әзірледі:
1. ТМД кеңістігінде шетел білімін танудың жалпы қағидаттарын әзірлеу, ағымдағы мәселелерді шешу, ТМД елдерінің шетел білімін тану жөніндегі Ұлттық ақпараттық орталықтардың (уәкілетті органдардың) тұрақты (жылына бір реттен кем емес) жұмыс кеңестерін (конференцияларын) өткізу.
2. Келесі мәселелерді талқылау үшін 2022 жылға Ұлттық ақпарат орталықтарының конференциясын жоспарлау:
- ТМД елдерінде шетелдік білім беруді тану саласындағы көпжақты және екіжақты келісімдерді өзектілендіру жолдары;