«Айдың үздік қызметкері» конкурстың қорытындысы туралы.
«Айдың үздік қызметкері» конкурстың қорытындысы туралы.
2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" ШЖҚ РМК бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қызметкерлердің кәсіби өсуін ынталандыру және белсенділігін арттыру мақсатында ай сайын "Айдың үздік қызметкері" конкурсы өткізіледі. 2021 жылдың қараша айындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды:
- Адасбаев Дулат Суйенишевич, «Академиялық дәрежелерді және біліктіліктерді тану» жобалық тобының сарапшысы;
- Әбдіхалық Теміржан Олжабайұлы, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларының Реестрі» АЖ сүйемелдеу» жобалық тобының сарапшысы.
Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Біздің әріптестерімізді "Қараша айының үздік қызметкері" атағын алуымен құттықтаймыз және жұмыста сәттілік тілейміз!