• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орталық директоры Молдакасимов Ербол Бахтиярұлы Білім және ғылым министрлігінің атынан Орталықтың бірқатар қызметкерлеріне медальдар, алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті:

- Білім беру жүйесіндегі жоғары кәсібилігі мен көпжылдық адал еңбегі үшін "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен директордың орынбасары Ержан Тұрсынханұлы Іргебаев, "Академиялық дәрежелер мен біліктіліктерді тану" жобалық тобының бас сарапшысы Фарида Үсенқызы Қалибековаға табысталды;

- Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің алғыс хаттарымен бас сарапшы Боргекова Қарлығаш Боранбайқызы, сарапшылар Артықбай Ақжүніс Нышанбайқызы, Садыбекова Салтанат Мұратқызы, бағдарламашы Қалимов Берік Серікұлы  марапатталды;

- Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің алғыс хаттарымен сарапшылар Байназарова Ғазиза Ташбулатқызы, Тәжина Әлия Сайранқызы, Қожамжарова Мөлдір Әмірғалиқызы, Жайсанов Жаслан Еркенұлы, менеджер Алтыбай Айнұр Ғалымқызы марапатталды;

- Орталық директорының грамоталарымен есепші Оспанова Роза Жолдасқызы, сарапшылар Шуленова Марсия Науановна, Омарова Ардақ Рахматуллақызы Адасбаев Дулат Сүйенішұлы, Альжанова Асель Ермаханқызы, Есболов Айбек Мұратбекұлы, менеджер Ахметова Айым Серікқызы, жүйелік әкімші Ысқақ Дінмұхамбет Исаұлы марапатталды;

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз және жұмыста табыс тілейміз!