• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» вебинары

2022 жылғы 07 сәуірде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Е.Т. Іргебаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының қызметкерлерімен бірлесіп "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында вебинар-интерактивті пікірталас ұйымдастырды.

Вебинар барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының бас сарапшысы Таймасов Медет Қаратайұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамамен, ISO 37001:2016 халықаралық стандартының негізгі қағидаттары мен құрылымымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлімен Орталық қызметкерлерін егжей-тегжейлі таныстырды. Қызметкерлер қойылған сұрақтарына толық жауап алды.