• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Ғылым қызметкерлері күнін атап өтуде.

     Бүгін Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі – Ғылым қызметкерлері күнін атап өтуде. Күн сайын белгісіз жолдармен жүруге дайын, миллиондаған адамдарға айналамыздағы әлем мен Ғаламды жақсырақ түсінуге, зерттеу көкжиегін кеңейтуге және жаңа білімге жол ашуға көмектесетін жандардың мерекесі. Ғылым-сүйікті ісіне шексіз берілген тәуелсіз шығармашылық тұлғалардың ісі. Осындай адамдар мен ғылымның арқасында біздің қоғам алға жылжуда, технологиялар дамуда, өндіріс жетілдірілуде және жаңа көкжиектер ашылуда.

     Қазақстанның барлық ғылыми қызметкерлеріне кәсіби мерекеде өмірлік қуат, денсаулық және жаңа маңызды жетістіктерге шабыт тілейміз! Әр күндеріңіз жұмыстан қанағат әкелсін! Ғылым күнімен!

 

     Ізгі тілекпен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.