• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

QS 2023 рейтингіндегі қазақстандық жоғары оқу орындары

2023 жылғы QS World University Rankings нәтижелері жарияланды. Ағымдағы жылда рейтингке 16 қазақстандық университет кірді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұл жылы ТОП-150 қатарына енді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті алдынғы жылғы орнынан көтеріліп, 277 және 443-орындарға орналасты.

Сәтбаев университеті (405-орын), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (511-520) және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (511-560) да жоғары орындарға ие болды.

Сонымен қатар өз орындарын ТОП-700-де Қарағанды техникалық университеті және С.Асфендияров атындағы Қазақ  ұлттық медициналық университеті және ТОП-1000-да Қазақ-Британ техникалық университеті, КИМЭП университеті және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  университеті белгіледі.

1000+ қатарына Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті және Торайғыров университеті кірді.

Сондай-ақ, биыл рейтингке алғаш рет еніп сәйкесінше 561 және 701 орындарға ие болған Алматы технологиялық университеті мен МКТУ Х.А.Ясауи да ерекше назар аударуға тұрарлық.

Шетелдік университеттердің ішінен, алғашқы үштікке Массачусетс технологиялық институты, Кембридж университеті және Стэнфорд университеті кірді.

Барлық университеттерді шын жүректен құттықтаймыз және табыстар тілейміз!