• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

BFUG, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ЖОО ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Болон процесінің бақылау тобы (BFUG), Орталық Азия министрліктері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен жоғары оқу орындары ректорларының конференциясы өтті.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция 2 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім – Дөңгелек  үстелді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қ.А. Ерғалиев ашты. Дөңгелек үстелде Тәжікстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Абдулзода Зиёдулло Назар, сондай-ақ, Еуропа жоғары білім кеңістігінің дамуы және ондағы тенденциялар жайында Еуропа жоғары білім сарапшысы Шур Берган сөз сөйледі. Болон процесінің бақылау тобының Жаһандық политикалық диалогының тең төрағасы Энн Кэтрин Айзэкс «Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің макроөңірлік ынтымақтастықтың мысалы ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция ҚР ҒЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында орналастырылатын Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің тұрақты Бюросының ашылуы туралы бірлескен өтінішті қабылдаумен аяқталады.