• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«БББ Тізілімі» ақпараттық жүйесіне өтінімдерді қабылдау

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізілімін әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы  2023 жылғы 28 ақпаннан бастап ЖБББОЖ платформасында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесіне өтінімдерді қабылдаудың қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерінің (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 12 қазандағы бұйрығы 2022 жылғы № 106) 13-тармағына сәйкес сараптамаға жіберілетін бағдарламалардың саны ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет шегінде шектеледі.

Бөлінген бюджет шегінде ағымдағы жылы 2000 өтінімге сараптама ұйымдастыру көзделген.