• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Академиялық ұтқырлық бағдарлама аясындағы үміткерлердің шетелде білім алуының конкурстық іріктеудің екінші кезеңінің өтуі жайлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментімен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелге оқуға тапсыратын үміткерлер іріктелуінің екінші конкурсының өткізілуі  жарияланды (ЖОО-на  xат № 14/4-502, 18.04.2019).

Үміткерлердің құжаттары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында 2019 жыл 13-ші мамырға дейін Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы 28, 4 , 404-ші кабинетінде қабылданады. 

Құжаттардың тізімі:
1. Қазақстан Республикасы азаматы төлқұжатының көшірмесі;
2. ағымдағы үлгерім транскрипті; 
3. шет тілінің деңгейін меңгеруді растайтын құжат:
- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (егер бар болса);
- шетел университетінің шет тілін білу деңгейі бар студентті оқуға қабылдауы жайлы келісім-хаты;
- қазақстандық университетті тестілеудің нәтижесі (B2 деңгейінен төмен емес);
4. Қазақстан Республикасы территориясынан тыс шыққан уақытта он сегiз жасқа толмаған жағдайда ата-аналарының, қамқоршыларының, шетелге кету туралы өтiнiш берушiнiң заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмi;
5. отбасының құрамы туралы құжат, студенттің үлкен отбасын растау;
6. оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер санатына кіретін студенттер үшін) (егер бар болса).

Барлық сұрақтар бойынша тел.8(7172)28 75 26 телефонына хабарласыңыз.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы
Халықаралық әрекеттестік басқармасы.