• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия Халықаралық Форумы Астана қаласында өтті

Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR/ НААР) «Білім берудің тұрақты болашағы – сапа және бәсекеге қабілеттілік: тарихи көзқарас, бүгінгі жағдайы мен басымдықтары» білім сапасын қамтамасыз ету бойынша VII Орталық Азия Халықаралық Форумын өткізді. Іс-шара 2023 жылғы 6-7 қазанда Астана қаласында өтті.

Форумға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Молдова, Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан және басқа мемлекеттік органдарының, жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық желілерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары жиналды.

Кең алаңда жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың, сапа мәдениетін ілгерілетудің өзекті мәселелері және академиялық қоғамдастық пен халықаралық еңбек нарығының сындарлы өзара іс-қимылы талқыланды.

Іс-шарада Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының басқарма жетекшісі, ф.-м.ғ.к. Амина Мухамбетова "Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру" тақырыбында сөз сөйледі. Ол өз сөзін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сапасына баса назар аударды.

Ол өз сөзінде келесіні атап өтті:

"Бағдарламаларды қалыптастырудағы академиялық еркіндік өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып және стейкхолдерлердің кең ауқымымен ынтымақтастықта бағдарламаларды әзірлеуге ерекше, шығармашылық көзқарасқа мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 51 ЖЖОКБҰ-ның 509 білім беру бағдарламалары Жаңа мамандықтар атласындағы 191 кәсіппен байланысты: жоғары оқу орындарының бір бөлігі қолданыстағы бағдарламаларға жаңартулар енгізді, басқа ЖОО-лар түлектері жаңа кәсіптер игере алуы үшін жаңа БББ ашты".