• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

IT технологиялар саласында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша семинар

16 қазанда Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы Адам ресурстарын дамыту орталығымен және ХҚАЖДМ Ақпараттық технологиялар индустриясын дамыту департаментімен бірлесе отырып, IT саласындағы кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарға еліміздің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім беретін жоғары оқу орындарының 130-дан астам өкілдері қатысты.

Семинар барысында кәсіби стандарт және оның құрылымы, Career Enbek цифрлық платформасы, білім беру бағдарламаларын әзірлеуде ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби стандарттарды қолдану, сонымен қатар білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларын талдау сияқты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, семинар материалдарымен Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының сайтында танысуға болады.