• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Заң шеңберінде педагогтер мен ғылыми қызметкерлерге көзделген үстемеақылар мен жеңілдіктерге түсіндірме

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және  білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң шеңберінде педагогтер мен ғылыми қызметкерлерге көзделген үстемеақылар мен жеңілдіктерге түсіндірме

Қазақстан Республикасының Парламенті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды қабылдады. Оған сәйкес еңбек көші-қоны кезеңінде, яғни жұмысқа орналасатын мемлекетте еңбек мигранттары болып табылатын азаматтар үшін ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тану көзделеді («Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан уақытша қоныс аударуы).

Шетелде диплом алған басқа адамдар үшін тану рәсімі ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 52-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіби қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:

философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде;

философия докторы (PhD) дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы; бейіні бойынша доктор дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде;

ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі үшін айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде;

ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 25 еселенген мөлшерінде, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 42 еселенген мөлшерінде;

философия докторы (PhD) дәрежесі және профессор ғылыми атағы; бейіні бойынша доктор дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде;

ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы; ғылым докторы ғылыми дәрежесі және профессор ғылыми атағы үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 50 еселенген мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.

Бұл ретте, осы Келісімнің 6-бабына сәйкес жұмысқа орналасатын мемлекетте ғылыми дәрежесі үшін белгіленген үстемеақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) жеңілдіктерді алуға үміткер адамдарға ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды танудың ұлттық рәсімдері қолданылады.

Осылайша, Заңда көзделген ғылыми дәреже үшін берілетін үстемеақылар (қосымша ақылар) және (немесе) жеңілдіктер өз қызметін еңбек көші-қоны шеңберінде жүзеге асыратын және ғылыми дәрежелерді автоматты түрде тану рәсімінен өткен адамдарға қолданылмайды.