• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің кездесуі (2019 жылғы 18-19 сәуір, Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы)

   

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ҚР БҒМ делегациясының құрамында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің жұмысына қатысты (2019 жылғы 18-19 сәуір, Бішкек қаласы, Қырғыз Республикасы).

Қазақстан делегациясы білім беру ұйымдары арасындағы серіктестік байланыстарды күшейту мәселелері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беру ұйымдарының қызметін мемлекеттік аккредиттеу туралы келісімнің жобасы бойынша  түбегейлі көзқарасын білдірді.

Сонымен қатар, кездесу барысында мамандарды кәсіби сапалы даярлау мәселелері, ТМД Желілік университетін құру және пайдалану туралы келісімнің жобалары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары оқу орындарына түсу кезінде Достастық елдерінің азаматтарына бірдей құқық беру мәселелері талқыланды.