• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Құрметті әріптестер!

Сіздерді жоғары білім қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл біз осы тамаша мерекені алғаш рет атап өтудеміз, бұл сіздердің адал еңбектеріңізге, кәсіби шеберліктеріңізге және отандық жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан орасан үлестеріңізге деген зор алғысымыздың белгісі.

Сіздердің кәсібиліктеріңіз, білімге деген ұмтылыстарыңыз және оларды жаңа буынға жеткізу жолындағы еңбектеріңіз – сапалы кадрларды даярлаудың, ғылыми жаңалықтардың және мәдени дамуымыздың кепілі. Сіздер күн сайын еліміздің интеллектуалды әлеуетін арттыруға және адами капиталын дамытуға баға жетпес үлес қосып келесіздер.

Сіздерге мықты денсаулық, шабыт және кәсіби шыңдарды бағындыруларыңызды тілейміз. Әр күніңіз жетістіктерге толы болып, еңбектеріңіздің жемісі әрқашан лайықты құрмет пен ризашылыққа бөлей берсін. Еңбектеріңізге адалдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!