Жоғары білімді дамытудың ұлттық орталығы сайтының бета-нұсқасын әзірлеу конкурсының жеңімпаздары анықталды
2025 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығында Орталық сайтының бета-нұсқасын әзірлеуге арналған конкурстың қазылар алқасының қорытынды отырысы өтті. Жарысқа жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттік командалары қатысты.
Отырыс аясында қатысушылар ұсынған қорытынды байқау жұмыстары қаралды. Бағалау техникалық сипаттамаларға сәйкестік, ақпараттық қауіпсіздік деңгейі, функционалдылық, заманауи дизайн, шешімдердің креативтілігі және қосымша функциялардың болуы сияқты бірқатар критерийлер бойынша жүргізілді.
Талқылау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
• 1 орын – Астана халықаралық университетінің командасы
• 2 орын – Астана IT университетінің командасы
• 3 орын – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті командасы
Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушыларға қатысу үшін электронды сертификаттар беріледі. Алдағы уақытта ресми марапаттау рәсімі өтеді.
Байқау студенттерді білім беру саласындағы цифрлық жобаларға тартудағы маңызды қадам, сондай-ақ олардың ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту алаңы болды.

