Жоғары білім беру қызметкерлері күні
Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Академиялық тану офисінің бас сарапшысы Байназарова Ғазиза Ташболатқызы ҚР ҒЖБМ "Ахмет Байтұрсынұлы" төсбелгісімен марапатталды. Ғазиза Ташболатқызы Орталықта 16 жылдан астам қазмет атқарады. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге белсенді қатысады. Білім туралы шетелдік құжаттарды тану рәсімі бойынша жетекші сарапшылардың бірі болып табылады. Ол өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп, бай тәжірибесімен әріптестерімен бөліседі. Жоғары кәсібилігімен, адамгершілігімен және адалдығымен ерекшеленеді. Ғазиза Ташболатқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Бұл жаңа жеңістер мен жетістіктерге түрткі болсын!


