Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өттіЖаңалықтар - - Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы
  • Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті

2026 жылғы 25 маусымда сағат 15:00-де Astana IT University базасында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жанындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламаларын оңтайландыру, педагогикалық білім беруді дамыту, жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану тәсілдерін жетілдіру және жоғары оқу орындарының қызметін бағалау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар білім беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген мемлекет қызметінің негіз құраушы қағидаттары мен стратегиялық бағыттарына сәйкес келтіру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын жетілдіру, олардың мазмұнын еңбек нарығының, цифрлық трансформацияның және мемлекеттің стратегиялық даму басымдықтарының талаптарына сәйкестендіру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.