• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Топ-менеджерлерді тарту туралы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының басқарушылық қызметіне шетелдік топ-менеджерлерді тарту бойынша жыл сайынғы бағдарламаның іске қосылуын жариялауға қуаныштымыз.

Аталған бағдарлама 2016 жылдан бастап табысты жүзеге асырылуда. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен жаңалық ұсынуға және Қазақстан жоғары білім саласының бөлігі болуға дайын шетел топ-менеджерлері келеді.

Егер Сіз қызығушылық білдірсеңіз және білім саласындағы басшы ретінде өзіңіздің тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, төмендегі критерийлерге назар аударуыңызды сұраймыз.

Үміткерлерге арналған критерийлер:

  • ҚР ЖОО-да жұмыс істеу кезеңі кемінде 10 ай (2020 жылдың қаңтарынан бастап).
  • PhD дәрежесінің болуы.
  • Топ-менеджер ретінде әлемдік ЖОО-да немесе білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (кемінде факультет басшысы немесе департамент директоры).
  • Стратегиялық жоспарлау, ЖОО-ын институционалдық дамыту, аккредиттеу рәсімдерінен өту, білім беруді интернационализацияландыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары бойынша тәжірибесінің болуы.

Үміткер өтінішін 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ұсыну қажет.

Байланыс мәліметтері: Рахимова Майя, m.rakhimova@n-k.kz, 8(7172) 287526.