Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиялық бағдарлама
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.
Грант саны:
1. Бакалавриат – 490
2. Магистратура – 50
3. PhD докторантура – 10
Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы.
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде 2020 жылдың 1 наурызынан 1 маусымына дейін тапсыра алады.
Құжаттарды тапсыру бойынша қадамдық нұсқаулық.
Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін өтініш қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.
Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:
Бакалавриат / магистратура білім беру бағдарламалары бойынша:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
- қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
- үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
- үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
- қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
Бакалавриат / магистратура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі
PhD докторантура:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (бағалар көрсетілген қосымшамен бірге) (нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі аудармасы)
- қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі уәждемелік эссе;
- үміткердің білім алған оқу орнынан немесе жұмыс берушіден қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі ұсыным хат;
- үміткердің тұрғылықты жерінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, сондай-ақ адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) және ЖҚТБ болмауы туралы медициналық анықтама;
- қазақстандық ЖОО-дан шақыру хат (бар болған жағдайда).
- қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тіліндегі диссертациялық зерттеу тақырыбына негіздеме
- Шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат:
- Ағылшын тілін меңгеру бойынша:
- TOEFL ITP - кемінде 138 балл,
- TOEFL IBT - кемінде 32 балл,
- TOEFL PBT - кемінде 400 балл,
- TOEFL PDT - кемінде 47 балл,
- IELTS - кемінде 4.5;
- Неміс тілін меңгеру бойынша:
- DSH - Niveau В2/В2 деңгейі,
- TestDaF-Prufung - Niveau В2/В2 деңгейі;
- Француз тілін меңгеру бойынша:
- TFI - оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес),
- DELF - B2 деңгейі,
- DALF - C1 деңгейі,
- TCF - кемінде 400 балл.
Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаға шетел тілін білетіндігін растайтын халықаралық сертификат қажет емес.
PhD докторантура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі және дайындау бағыттары
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz