• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі» ақпараттық жүйесінің операторы функциясын орындайды https://enic-kazakhstan.kz/reestr-op/reestr-op

ББ тізілімі есепке алу-ақпараттық функцияны орындайды және мүдделі тараптарды (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қызметкерлері, орта білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылардың ата-аналары, талапкерлер және т.б.) ЖЖОКБҰ-да іске асырылатын білім беру бағдарламалары туралы хабардар етуге мүмкіндік береді (http://esuvo.platonus.kz/#/).

ББ тізіліміне білім беру бағдарламасын енгізу ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайды.

ББ тізілімінде білім беру бағдарламасының болуы мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін критерийлердің бірі болып табылады.

Осылайша, білім беру бағдарламаларының сапасы ЖЖОКБҰ-да кадрлар даярлауға тікелей әсер етеді.