• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«Айдың үздік қызметкері» конкурстың қорытындысы туралы

2020 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" ШЖҚ РМК бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қызметкерлердің кәсіби өсуін ынталандыру және белсенділігін арттыру мақсатында ай сайын "Айдың үздік қызметкері" конкурсы өткізіледі. 2021 жылдың сәуір айындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды:

- Байназарова Газиза Ташбулатовна, «Академиялық дәрежелерді және біліктіліктерді тану» жобалық тобының сарапшысы;

- Есенгельдинова Айгуль Тулегеновна, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларының Реестрі» АЖ сүйемелдеу» жобалық тобының сарапшысы;

- Алтыбай Айнур Ғалымқызы, «Ақпараттық-талдау және техникалық сүйемелдеу» жобалық тобының офис-менеджері.

Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды. Біздің әріптестерімізді "Cәуір айының үздік қызметкері" атағын алуымен құттықтаймыз және жұмыста сәттілік тілейміз!