• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Құжаттарды тапсыру

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне түсуге арналған өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 11 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

Ұсынылған құжаттарды ҚР ҒЖБМ "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК 2023 жылғы 11 тамыздан бастап 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейінгі Қағидаларға сәйкестігіне тексереді.

Дайындық курстарының тыңдаушыларын іріктеуді және қабылдауды 2023 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында ЖЖОКБҰ конкурстық комиссиясы жүргізеді.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

* Әрбір құжат 100 МБ аспайтын бір PDF файлына біріктірілуі қажет және әр терезеге қатаң тек бір құжатты жүктеңіз!

** Тапсырмас бұрын гранттардың түрімен толық танысып, тапсыру кезінде дұрыс грант түрін таңдаңыз!

*** Өтінішті Mozilla FireFox браузері арқылы тапсыру қажет!

**** Өтінімдер 5 қыркүйектен кейін қабылданбайды!

 

Үміткердің өтініші

Қадамдық нұсқаулық

Бағыттар бойынша ЖОО тізімі

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.

Гранттардың саны мен түрлері:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
  • тілдік курстар үшін (Қазақстан Республикасы азаматтарына) - 200
  • тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) - 50
  • Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 11 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін

Қажетті құжаттар:

  1. еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  4. электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz

 
 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!
Қатысушы университеттердің тізімін алдын ала оқып шығыңыз!

 

Бағыттар бойынша ЖОО тізімі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атаулары

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар

1.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

2.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

290

3.

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

50

4.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

400

5.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

130

6.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

7.

"Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

75

8.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

9.

"Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

10.

"Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

11.

"Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

12.

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40

13.

"М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

14.

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

50

15.

"Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

16.

"Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

Барлығы

1300

Қазақстан Республикасы азаматтарының тілдік дайындығын күшейту үшін

1.

"Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

30

2.

"Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20

3.

"Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10

4.

"М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40

5.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

65

6.

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

20

7.

"Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

15

Барлығы

200

Шетел азаматтары

1.

"Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

47

2.

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

3

Барлығы

50

Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары

1.

"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті" мекемесі

200

Барлығы

200