• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жедел ақпарат

Құрметті үміткерлер!

Бакалавриат / магистратура / PhD докторантура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі және дайындау бағыттары

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бакалавриат, магистратура мен PhD докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша біздің елдің ЖОО-да білім алу үшін шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын шақырады.

Грант саны:

1. Бакалавриат – 490

2. Магистратура – 50

3. PhD докторантура – 10

 

Стипендиялық бағдарламаның операторы – ҚР ҒЖБМ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы.

Үміткерлер құжаттарды 2023 жылдың 30 наурызынан 30 маусымына дейін онлайн тапсыра алады.

Құжаттарды жібермес бұрын осы жерден толық нұсқаулықты оқып шығыңыз.

Стипендиялық бағдарламаға қатысушы университеттердің тізімі, сондай-ақ мамандықтар тізімі осы жерде (мамандықтар тізімін университетті басу арқылы көре аласыз)

Стипендиялық бағдарлама туралы ақпарат осында.

Қазақстан бойынша гид

Толық оқу кезеңіне берілетін стипендиалды бағдарламаға қатысу үшін өтінім қазақ, немесе орыс, немесе ағылшын тілінде толтырылады.

Үміткерлер өтініш нысанын толтырған кезде келесі құжаттардың сканерленген нұсқаларын жүктеу керек:

 

Бакалавриат:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) алдыңғы білім деңгейі туралы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) транскриптімен және қосымшасымен құжат (бакалавриатқа түсушілер үшін – орта білімін растайтын құжаттың орташа балы) кем дегенде «жақсы»);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаты;

5) медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

Егер шетелге оқуға баратын адамның медициналық анықтамасында аталған медициналық қорытындылар болмаса, онда бұл қорытындылар жеке ұсынылады;

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

 

Магистратура:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен бакалавр немесе маман дипломы);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

5) медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

8) шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 ұпай.

Көрсетілген тілдер ана тілі болып табылатын тұлғаның шет тілін білуін растайтын халықаралық сертификат талап етілмейді.

 

PhD докторантура:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) транскрипті және қосымшасымен алдыңғы білім деңгейі туралы құжат (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасымен) (орташа GPA кемінде 3,0 (4,0-ден) орта балымен магистр дипломы немесе маман дипломы);

3) қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде мотивациялық эссе;

4) өтініш беруші оқыған білім беру ұйымының немесе жұмыс берушінің қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі 2 ұсыныс хаты;

5)медициналық анықтама (терапевттің, наркологтың, психиатрдың қорытындылары, сондай-ақ рентгендік (флюорографиялық) зерттеудің, зертханалық зерттеулердің деректері, сондай-ақ вирусы АИТВ-инфекциясы және ЖИТС жоқтығын растайтын медициналық анықтама бар шетелге оқуға кететін адамға арналған медициналық анықтама).

6) тапсырушының өтінімі;

7) Қазақстан университетінің шақыру хаты (бар болса).

8) шет тілін білуді растайтын халықаралық сертификат:

Ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic) шекті балл – кемінде 5,5;

TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл – кемінде 46;

TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл – кемінде 453;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruefung fuer den Hochschulzugang (DSH, Niveau B2/level B2), TestDaF-Prufung (Niveau B2/level B2);

Француз тілі: TFI (Test de Français International™) - оқу және тыңдау бөлімдерінде B2 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d'Etudes en Langue française) - деңгей B2, DALF (Diplome Approfondi de Langue française) - B2 деңгейі, TCF (Test de connaissance du français) – кемінде 50 балл;

9) диссертациялық зерттеу тақырыбының (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) негіздемесі.

Бакалавриат / магистратура / PhD докторантура стипендиялық бағдарламасына қатысушы ЖОО тізімі және дайындау бағыттары

 

 

 

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және

пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26, 28 75 31

E-mail: admission@n-k.kz