• Icon+7 (7172) 57-20-75
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Конференция туралы

BFUG, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ЖОО ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН ЖОО РЕКТОРЛАРЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ

Пресс-релизі

6 қазан 2022 ж

2022 жылғы 6 қазанда Астана қаласында Болон процесінің бақылау тобы (BFUG), Орталық Азия министрліктері мен ЖОО өкілдерінің қатысуымен ЖОО ректорларының конференциясы өтеді.

Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Білім министрліктерінің өкілдері, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындарының ректорлары, Еуропа Кеңесі, Quacquarelli Symonds (QS), UNESCO, BFUG және Латвияның академиялық ақпараттық орталығы сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты және жоғары білім берудің Орталық-Азия кеңістігінің (ЦАПВО) қызметін дамыту бойынша одан әрі қадамдар жасауға бағытталған.

ОАЖБК құрудың негіздері TuCAHEA (жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігін орнату)жобаларында, CAEP (Орталық Азия білім беру платформасы), Еуропалық Одақ пен Орталық Азия Білім министрлерінің кездесулерінде және басқа да бірлескен жобаларда қаланды.

2021 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан ОАЖБК негізгі қағидаттары туралы Түркістан декларациясын қабылдады. Мақсаты – Орталық Азия елдерінде өңірлік және ұлттық деңгейлерде білім беру саласындағы келісілген қағидаттарды тиісінше және толық жүзеге асыру-бірыңғай мақсатты ұстана отырып, өзара тиімді шарттарда дамудың басым бағыттарын белгілей отырып, Орталық Азияның білім беру кеңістігін біріктіру.

Әрі қарай, 2022 жылдың мамыр айында Алматыда Орталық Азия ректорларының Форумы өтті. Форумда Орталық Азия жоғары оқу орындарының қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.

Келесі қадам-жоғары білім берудің Орталық Азия кеңістігінің тұрақты Бюросын ашу. Бюро әр елдің өкілін оның құрамына енгізе отырып, тепе-теңдік шарттарында әрекет етеді. Бюроның Миссиясы өңірдегі Болон реформаларын ілгерілету арқылы Орталық Азия елдерінің жоғары білімінің тартымдылығын арттыру болады. Орталық Азия елдерінде өңірлік, ұлттық және ЖОО деңгейлерінде Болон процесінің келісілген қағидаттарын жүзеге асыруға жәрдемдесу – жоғары білім беру жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Конференция ҚР ҒЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында орналастырылатын ОАЖБК тұрақты Бюросының ашылуы туралы бірлескен өтінішті қабылдаумен аяқталады.