• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«ACeSYRI - информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» (610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP ACeSYRI)

2020 жылы ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы Erasmus+ K2 бағдарламасы аясында ғылыми зерттеулерге кірісті: «Advanced Centre for PhD students and young researchers in informatics»- «Информатика саласындағы PhD докторанттары мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық (ACeSYRI).

Жоба аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарының докторанттары, жас зерттеушілері мен оқытушылары арасында ынтымақтастық жөніндегі портал және орталық құрылады. ACeSYRI порталы қатысушыларға зерттеу топтарын құруға, шетелдік ғылыми серіктестермен ынтымақтасуға және ақпарат пен жобалардың нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

- Жас зерттеушілер мен аспиранттар үшін оқыту қағидаттары мен тәжірибесін, зерттеу әдіснамасын және этикалық шекараларды қамтитын білім базасын құру.

- ACeSYRI порталы аспиранттардың ғылыми консультациялар алуы және қажетті ақпаратты іздестіруіне арналған база ретінде ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс ғылыми бағыттарға байланысты салаларда ғылыми консультанттарды іздестіруге арналған Халықаралық зерттеу жобаларына енгізу үшін де оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

- Жас зерттеушілердің жариялануы мақсатында құрылған "Церера"журналының аясында оларға жариялануға мүмкіндік беру.

- Арнайы семинарлар мен студенттік конференцияларда, атап айтқанда, Жилина университеті ұйымдастырған IT-конференцияларда презентациялар өткізуге арналған алаңдармен қамтамасыз ету.

Жоба қатысушылары:

Жилина университеті (Жилин, Словакия)

Лодзь университеті (Лодзь, Польша)

Universite de Lorraine (Нанси, Франция)

Назарбаев Университеті (Астана, Қазақстан)

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Алматы, Қазақстан)

Алматы энергетика және телекоммуникациялар университеті (Алматы, Қазақстан)

Жәңгір Хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университет (Орал, Қазақстан)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда, Қазақстан)

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. (Петропавл, Қазақстан)

Сулейман Демирел университеті (Қаскелең, Қазақстан)

"Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы" заңды тұлғалар одағы (Алматы, Қазақстан)

Жұмыс тобының тізімі:

       1. Г.С. Джарасова– директордың орынбасары

       2. Х.Н.Касенов - менеджер

Жобаның ресми сайты:acesyri.eu

Қазақстандағы Эразмус бағдарламасының ұлттық офисі:

neo@erasmusplus.kz