• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

2021-2022 оқу жылына ҚР ЖОО-да дайындық бөлімдерінде білім алу.

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

Грант саны:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
  • Қазақстан азаматтары тілдік курстар үшін - 200
  • шетел азаматтары үшін - 50

Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.

Қажетті құжаттар:

  1. еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  4. 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz