• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне арналған оқыту семинары.

2021 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің шақыруымен ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы университеттің профессорлық-оқытушылық және офицерлік құрамы үшін нұсқаулық-әдістемелік семинарға қатысты.

"Білім беруді интернационалдандыру" жобалық тобының бас сарапшысы К. С. Сугирбекова "Қазақстан: Болон процесінде 10 жыл" тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, семинар барысында Орталық директорының м.а. Е.Т. Іргебаев және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бірінші орынбасары полковник А. К. Тогусов әскери жоғары білім саласындағы әлемдік тәжірибе трендтерін талдау және ілгерілету мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы одан арғы бірлескен іс-шараларды талқылады.