• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

Жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқыту.

2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының 57 ЖЖОКБҰ бірінші рет жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген 320 жаңа ББ бойынша, оның ішінде бакалавриат - 177, магистратура - 86, докторантура - 21, резидентура – 36, жалпы 5573 студент қабылдауын жүргізді.

Де Монфорт Қазақстан жаңа ЖЖОКБҰ-да 5 білім беру бағдарламасы бойынша (6В0408801 Экономика және халықаралық қатынастар, 6В04102 Қаржы және инвестициялар, 6В04103 Бизнес және маркетинг, 6В0408802 Бизнес құқығы, 6В04104 Бухгалтерлік есеп және қаржы) 139 студент білім алуды бастады.

Білім беру салалары бойынша саны жағынан ең көп жаңа ББ 07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша - 68 ББ (оның ішінде бакалавриат - 50, магистратура - 14, докторантура - 4), 01 Педагогикалық ғылымдар - 50 ББ (оның ішінде бакалавриат - 33, магистратура - 16, докторантура - 1), 04 Бизнес, басқару және құқық - 39 ББ (оның ішінде бакалавриат - 23, магистратура - 12, докторантура - 4).