Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Болон процесіндегі әскери оқу орындары.
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің шақыруымен ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ҚР ҚМ әскери оқу орындарының бастшылығына арналған оқу-әдістемелік жиынға қатысты.
Орталық ЕЖБК жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа бағыттары мен жаһандық трендтері туралы және Қазақстан Республикасында Болон процесін іске асыру барысы туралы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ әскери оқу орындарының өкілдерімен Болон процесін енгізу және әлемдік тәжірибенің әскери жоғары білімге трендтерін ілгерілету шеңберінде ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жөніндегі одан арғы бірлескен іс-шаралар талқыланды.
Іс – шара аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.