«Білім берудің постковидтік моделі: дәстүрлі және инновациялық білім беру түрлерінің интеграциясы» вебинары
2021 жылғы 09 желтоқсанда ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы жоғары оқу орындарына арналған "Білім берудің постковидтік моделі: дәстүрлі және инновациялық білім беру түрлерінің интеграциясы" тақырыбында вебинар ұйымдастырды.
Онлайн-кездесуге ҚР ЖОО 200-ден астам өкілдері қатысты.
Ашылу рәсімінде ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары Б.Нарбекова мен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Е. Молдакасимов сөз сөйледі.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының бас сарапшысы Қ.Сүгірбекова аралас және гибридті оқыту форматтарына қатысты әлемдегі ағымдағы жағдай туралы айтып берді. BTS Education бас директоры С.Нұрбек жоғары білім беруді трансформациялау туралы «Студенттік саяхатқа жаңа көзқарас» тақырыбында қызықты баяндама жасады. Аралас оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ автоматика және ақпараттық технологиялар институтының директоры Р.Өскенбаева бөлісті. Сондай-ақ, «Youtube видеохостингінің мүмкіндіктерін оқу ресурстарын дайындауға пайдалану» өзекті тақырыбында Қ.Жұбанов атындағы АӨУ химия және химиялық технология кафедрасының доценті А.Агишева сөз сөйледі.
Вебинар барысында ЖОО өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оң тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік алды.
Вебинар материалдары Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында орналастырылған.