Құттықтаймыз!
2021 жылғы 13 желтоқсанда Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директорының кеңесшісі, саяси ғылымдарының докторы Амантай Әбілхайырұлы Нұрмағамбетовке "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалін табыс етті.
Амантай Әбілхайырұлының еңбек жолы білім беру жүйесімен тығыз байланысты.
35 жылдан астам еліміздің жоғары оқу орындарында еңбек етті: С.М. Киров атындағы ҚазМУ, ҚазҰУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде. Ғылыми қызметкерден ректорға дейінгі еңбек жолынан өтті. Президент Әкімшілігінде бас және мемлекеттік инспектор, сектор меңгерушісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры ретінде мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
2014 жылдың қазан айынан бастап А.Нұрмағамбетов Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесінде Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыруда мол тәжірибені қолдана отырып жұмыс істейді.
Құрметті әріптесімізді марапатпен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз!