• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Image

«2022 жылы шетел азаматтары Қазақстанның жоғары оқу орындарына қалай түсе алады?» онлайн-форумы

Осы жылдың 20 сәуірі «2022 жылы шетел азаматтары Қазақстанның жоғары оқу орындарына қалай түсе алады?» тақырыбында онлайн форум өтті. Бұл «Современное образование» республикалық  ақпараттық-аналитикалық журналының осы тақырып бойынша ұйымдастырған екінші форумы.

Форумға ҚР БҒМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің мемлекеттік тапсырысын қалыптастыру басқармасының, ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының өкілдері және келесі Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: Даукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университетi, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Turan University (Алматы), Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Suleyman Demirel University, Turan-Astana University, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қарағанды техникалық университеті и Досмұхамедов атындағы Атырау университеті.

«Үкіметаралық келісімдер шеңберінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері», «Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу», «2022 жылы Қазақстанда оқуға грантты қалай алуға болады» сияқты Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу бойынша өзекті сұрақтар бойынша баяндамалардан кейін  және әлеуетті талапкерлердің сұрақтарына сарапшылардың жауап беруінен кейін, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларының өкілдері барлық тілек білдірушілерге (онлайн) Ашық есік күндерін ұйымдастырды.