Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы
2022 жылғы 29 сәуірде Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Отырыста микро біліктілік бойынша Әдістемелік ұсынымдардың жобалары, қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидалары талқыланды.
Оқу-әдістемелік бірлестіктер қызметін трансформациялауға қатысты мәселе қаралды.
Сонымен қатар, білім алушылардың практикасын өткізу туралы ереже, магистратура мен докторантураға түсу үшін білім беру салаларының сәйкестігі бойынша әдістемелік ұсынымдар талқыланды.
Бакалавриат, магистратура және докторантура жоғары оқу орындарының педагогикалық білім беру бағдарламаларына талдау жасалды.